Accessibility links

Ауған билігі сайлау нәтижесін жариялайды


Ауғанстан билігі бүгін парламент сайлауының қорытындысын жариялайды. Алайда Тәуелсіз сайлау комиссиясының басшысы бір өлкенің жеңімпаздары әлі анықталған жоқ деп мәлімдеді.

Қыркүйектің 18-і күнгі дауыс берулерде заңбұзушылықтар болды деген айыптауларға байланысты тергеу жүріп жатқандықтан сайлаудың нәтижесі әлі шықпаған болатын. Тергеу барысында 1.3 миллион дауыс заңсыз деп танылды. Сайлауға қатысты шағымдарды қараған комиссия 19 үміткерді тізімнен шығарып тастады.

Комиссия төрағасы Фазл Ахмад Манауи сәрсенбі күні баспасөз маслихатын өткізіп, Газни өлкесіндегі дауыс берулердің нәтижесі нақтылануы тиіс деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG