Accessibility links

Ресей агенті: Қайырымдылық тобының лаңкестікке қатысы бар


Ресейдің лаңкестікпен күрес бойынша бұрынғы агенті штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан исламшыл қайырымдылық қоры Шешенстандағы исламшыл жауынгерлерді қаржыландырған деп мәлімдеді.

Полковник Сергей Игатченконың айтуынша, оның агенттігінде "Әл-Харамаиннің" Шешенстандағы лаңкестердің жаттығулар өткізетін лагерін қаржыландырғаны туралы мәлімет бар. Аталмыш қордың мұсылман жауынгерлерінің басшыларымен байланысы болған дейді Игатченко. Бұл туралы ол әлгі қордың негізін қалаушылардың бірі Пит Седаның ісіне қатысты жіберілген бейнетаспада айтты.

АҚШ прокурорлары "Әл-Харамаин" қорын Шешенстандағы бүлікшілерді қаржыландарды деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG