Accessibility links

Қазақстандық төрт боксшы Гуанчжоуда алтын үшін сайысқа түседі


Қарашаның 25-26 күндері Қазақстандық спортшылар Азия ойныдарының алтыны үшін күш сынасатын бокстан жарыстар өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.

Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында қазақ боксшыларының қатысуымен жартылай финал жекпе-жектері болып өтті.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев (69 кг), Иван Дычко (91 кг), Біржан Жақұпов (49 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) тамаша өнер көрсетіп, ақтық сынға жолдама алды.

Данабек Сужанов жартылай финалда өзбек боксшысынан 5:9 есебімен жеңіліп қалып, қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы олимпиада сатысында 9 орында тұр. Ел қоржынында 52 медаль, соның ішінде 7 алтын, 14 күміс және 31 қола жүлде бар.
XS
SM
MD
LG