Каспий теңізінің Әзірбайжан секторында 200 миллиард текше метр газ және 30 миллион тонна газды конденсат қорымен “Үміт” кен орны табылды.
Бұл туралы Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевтың сөзіне сілтеме жасаған жергілікті Trend басылымы хабарлайды.
“Үміт” соңғы кездері Әзірбайжанда ашылған газ кен орындарының көлемі бойынша “Шах Денизден” кейінгі екінші орында тұр. Абдуллаев сондай-ақ кен орнында газ бұдан да көп болуы мүмкін деген үміті бар екенін жасырмады – әзірге “Үмітте” бір ғана ұңғыма тесілген.
Әзірбайжан 2007 жылға дейін Ресей газын тұтынып келді. Дегенмен бірте-бірте бұл елдің өзі газ шығарып, 2010 жылы Әзірбайжан отын экспортері атанды.