Accessibility links

Ирақ президенті әл-Маликиден үкімет құруды сұрады


Ирақ мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, президент Жалал Талабани ресми түрде қазіргі премьер-министр Нури әл-Маликиден келесі үкіметті құруды сұраған. Енді әл-Малики 30 күннің ішінде кабинетті жасақтауы тиіс.

Қарашаның 10-да саяси дағдарысты шешу мақсатында Ирақ жетекшілері билік бөлісу жөніндегі келісім жасаған болатын. Наурыздың 7-дегі парламент сайлауынан кейін елдегі саяси жағдай қиындаған.
XS
SM
MD
LG