Accessibility links

Оңтүстік Кореяның жаңа қорғаныс министрі тағайындалды


Оңтүстік Кореяда қызметтен кеткен қорғаныс министрі Ким Дэ Ённың орнына президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ли Хи Вон тағайындалды.

Қорғаныс министрінің қызметтен кетуіне 23 қараша күні КХДР артиллериясы Оңтүстік Корея аралын атқаннан кейінгі қарулы күштердің әрекетіне байланысты айтылған сын себеп болды. Оңтүстік Корея парламентінің біраз депутаты армия тым баяу әрі сенімсіз қимылдағанның кесірінен 4 адам көз жұмып, 20 шақты адам жараланды деп мәлімдеді.

Оңтүстік Корея үкіметі бұрын Солтүстік Кореяның арандатуына тиімді қарсылық таныту үшін Сары теңіз аралдарындағы әскерін көбейту туралы шешім қабылдаған болатын. Ал Пхеньян Оңтүстік Кореяны тағы да соғысқа арандатты деп айыптап, күшке жүгінеміз деген доқ көрсетті.
XS
SM
MD
LG