Accessibility links

Англияда қазақстандық студент сотқа тартылды


Ұлыбританияда қазақстандық студент екі азаматты соққыға жыққаны үшін сотталды. Алмат есімді студент екі азаматтың Боратқа қатысты қалжыңына ызаланған көрінеді.

"Экспресс-К" басылымының жазуынша, сот қазақ студентін 750 фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлеп, қосымша 200 сағатқа ақысыз жұмыс істеуге үкім шығарған.

Exeter University-дің 20 жастағы студенті достарымен түнгі клубта отырғанда, біреулердің Боратқа қатысты қалжың әңгімелерін естіген. Аяғы төбелеспен аяқталған. Таяқ жеген азаматтардың бірі, Алмат оқитын университетте оқитын болып шықты. Соққының нәтижесінде ол басынан жарақат алып, үш саусағы сынған көрінеді.

Сотта қазақстандық студенттің адвокаты Линда Ходжсон, Алмат бұл жасағандарына қатты өкінетіндігін мәлімдеді. Анықталғандай әдетте ішімдікке әуес емес Алмат сол түні виски ішкен.
XS
SM
MD
LG