Accessibility links

Берлин: Ресей премьері неміс канцлерімен кездеседі


Берлинде сапарда жүрген Ресей премьер-министрі Владимир Путин экономикалық форумның барысында Германияның жетекші кәсіпкерлеріне арнап сөз сөйлеуге тиіс.

Түстен кейін Владимир Путин неміс канцлері Ангела Меркельмен келіссөзге отырып, немістердің Рургаз компаниясының Газпром компаниясындағы құны 4,5 миллиард доллар үлесінің тағдырын талқылайды.

Берлинге сапарының қарсаңында Ресей премьер-министрі Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі кеңістікте үйлесімді экономикалық қауымдастық құруды ұсынды.

Путиннің айтуынша, қауымдастықты еркін сауда аумағына айналдыруға болар еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG