Accessibility links

Ресми Пхеньян АҚШ пен оңтүстік Кореяны айыптады


Ресми Пхеньян мәлімдегендей, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың таяу уақытта Сары теңізде өткізуді жоспарлап отырған әскери жаттығулары Корея түбегін «соғыс жағдайына жетелейді».

Солтүстік Кореяның мемлекеттік баспасөз агенттігі таратқан мәлімдемеде әскери жаттығулар «кезекті арандатушылық» деп аталады. Одан бұрын әскери жаттығуларға ресми Бейжің де алаңдайтынын білдірген болатын.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның аралын Солтүстік Кореяның зеңбіректері атқылап, 4 адам қаза болған 23 қарашадағы төтенше оқиға үшін бар кінәні ресми Пхеньян Сеулге жүктеді. Пхеньянның мәлімдеуінше, Оңтүстік Корея бірінші атқылай бастады.

Көпшілік пікір бойынша, Оңтүстік Кореяның дер кезінде есе қайтармағаны үшін өткен бейсенбі күні оның қорғаныс министрі Ким Дэ Ён қызметінен кетті.

Оңтүстік Кореяның баспасөзі хабарлағандай, оның орнына президенттің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі болып келген Ли Хи Вон министр болып тағайындалды.
XS
SM
MD
LG