Accessibility links

Исламбадта 2 экстремист ұсталды


Жұма күні Исламабадта қолдарына жарылғыш ұстап, шабуыл жасауға әзірленген 2 экстремист ұсталды.

Пәкістанның ішкі істер министрі Рехман Мәлік мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде мәлімдегендей, экстремистер жарылғыштарын парламент ғимараты мен мешітте іске қоспақшы болыпты.

Мәліктің сөзіне қарағанда, қастандық шабуылға әзірленіп жатқаны бейсенбі күні кешке мәлім болыпты. Оның ізінше қауіпсіздік күштері қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейткен.

Ұсталғандардың Оңтүстік Вазиристандағы пәкістандық тәліптермен байланысы болғаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG