Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Мьянмаға барады


БҰҰ Бас хатшысының өкілі Виджай Намбиар сенбі күні Мьянма елінің астанасына барып, осы елдің әскери билігімен және таяуда ғана үй қамауынан босатылған оппозиция көсемі Аун Сан Су Чжимен кездеспекші.

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Су Чжи – ұзақ жылдар бойынша үй қамауында отырып, 13 қарашада ғана босатылды. Ізінше ол билік етуші әскери режимді келіссөзге шақырды.

Мьянмада 7 қарашада болып өткен жаппай сайлауда әскери билік тарапынан қолдау тапқан күштер жеңіске жетті.
XS
SM
MD
LG