Accessibility links

Хиллари Клинтон Орталық Азия мен Парсы шығанағына сапармен барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон төрт күндік сапармен Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдеріне барады. Бұл туралы мемлекеттік департамент өкілі Филипп Кроулей хабарлады.

Хиллари Клинтон сейсенбі күні Қазақстанға барып, азаматтық қоғам белсенділерімен кездеседі. Одан соң Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиттіне қатысады. Клинтон ханым Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездеседі.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне де іс-сапармен барып, Парсы шығанағындағы Бахрейнге де аялдайды.
XS
SM
MD
LG