Accessibility links

Қытай АҚШ-ты WikiLeaks мәселесін шешуге шақырды


Қытай АҚШ-ты WikiLeaks вебсайтының АҚШ дипломатиялық құжаттарын жариялауына қатысты мәселемен тиісті дәрежеде айналысуға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хонг Лидің мәлімдеуінше, Бейжің Қытай мен АҚШ қарым-қатынастарының бұзылуын қаламайды.

Жарияланған құжаттарға сәйкес, Қытайдың жоғары лауазымды ресми өкілдері Қытай Солтүстік Кореяны пайдалы одақтас деп қарастырмайды, егер бұл коммунистік мемлекет құласа, оған Бейжің араласпайды деген көрінеді.

WikiLeaks жариялаған мәліметтерге қарағанда, интернеттегі Google вебсайтына жасалған компьютерлік шабуылдардың артында Қытай басшылығы тұр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон дипломатиялық құжаттардың жариялануын "халықаралық қауымдастыққа жасалып отырған шабуыл" деп атады.
XS
SM
MD
LG