Accessibility links

АҚШ Қытайдан геологты азат етуді талап етті


АҚШ Қытайды мемлекеттік құпияларды ұрлады деген айыппен түрмеге жабылған америкалық геологты босатуға шақырды. Қытай текті АҚШ азаматы Сю Фен 2007 жылдың аяғында мұнай саласындағы дерекқорды сату туралы келіссөзден кейін қамауға алынған болатын.

АҚШ елшілігінің өкілі Роберт Голдбергті ң айтуынша, Феннің соты ашық өтпеген. Елшілік осыған байланысты Қытай сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын тапсырды деді Голдберг.
XS
SM
MD
LG