Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылады. Қазіргі Тәуелсіздік сарайында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммит қонақтарын қарсы алып жатыр.
Бұл жиынға 38 мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ вице-президент пен 7 үкімет басшыларының орынбасарлары, 14 министр мен ЕҚЫҰ-ға мүше және оған әріптес елдер мен халықаралық және аймақтық ұйымдардың өзге де жоғары лауазымды тұлғалары қатысады.
Жоғары деңгейдегі кездесуді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзімен ашады.
Саммит жұмысына Ауғанстан Президенті Хамит Карзай да қатысады. Себебі, Ауғанстан жайы саммиттің күн тәртібіне енгізілген басты мәселелердің бірі болып отыр.
Екі күнге созылатын саммит жұмысы тікелей эфир арқылы көрсетіледі.