Accessibility links

Қазақстан Ауғанстанды қолдайтын елдердің коалициясына мүше болады


Қазақстан Ауғанстанды қолдайтын елдердің коалициясына мүше болады. Бұл туралы сәрсенбі күнгі Астана саммитіне сөз сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон айтты.

Ол өз сөзінде, жекелеген мемлекеттер Ауғанстанның қалпына келуі мен елдегі қауіпсіздіктің сақталуына елеулі үлес қосты, ЕҚЫҰ-ның 40-тан аса елдері бұл коалицияға қосылғандығын айтты. Енді бұл коалицияға Қазақстан да мүше болады, деді Хиллари Клинтон.

Сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы ЕҚЫҰ елдері адам құқықтары мен сенім бостандығы жөнінде уәдесін жүзеге асыруда кемшіліктерді тауып, азаматтық қоғамның құқықтарын кеңейтуге тиіс екендігін атап өтті.
XS
SM
MD
LG