Accessibility links

Иранда әйел дарға асылды


Иран адам өлтірді деп айыпталған әйелді дарға асты. Жоғарғы сот пен сот төрағасы Абдолсамад Хоамшахи Шахла Жахедке шығарылған өлім жазасын растады. Бұл туралы "Фарс" ақпарат агенттігі хабарлады.

Адам құқықтары бойынша Amnesty International ұйымы Теһранды Жахедке шығарылған өлім жазасын жүзеге асырмауға шақырды. Футбол ойыншысы Нассер Мохаммад Ханимен "уақытша тұрмыс" құрған Жахед осыдан 8 жыл бұрын оның "тұрақты" әйелін өлтірді деп айыпталған болатын.
XS
SM
MD
LG