Accessibility links

Беларусь ядролық материалдарынан бас тартпақшы


Беларусь ядролық қару жасауға пайдаланатын материалдар қорынан 2012 жылға дейін бас тартатынын мәлімдеді.

Бұл туралы сәрсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммиті барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен оның беларусь әріптесі Сергей Мартынов хабарлады. Бұл жаңалықтың жариялануы ядролық материалдарды лаңкестерден аулақ ұстауға бағытталған әрекеттер үшін маңызды қадам деп есептеледі.

Клинтонның айтуынша, Вашингтон Беларустың ядролық материалдарын жою үшін техникалық және қаржылай тұрғыдан жәрдем береді.

1994 жылы Беларусь Совет Одағынан қалған ядролық қаруларынан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG