Accessibility links

АҚШ Иранның Женевадағы келіссөзге оралуын қолдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Обама әкімшілігі Иранның Женавадағы ядролық келіссөзге оралуын қолдайды. Бұл туралы Клинтон Астанада өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті барысында мәлімдеді.

Клинтонның айтуынша, алдағы аптаға жоспарланған келіссөздер Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтардың айтылуына мүмкіндік береді. Женевадағы келіссөздерге АҚШ, Британия, Франция, Ресей, Қытай және Германия өкілдері қатысады.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Иранның ядролық мәселесін осы аптада Бахрейндегі қауіпсіздік конференциясында көтереді.

XS
SM
MD
LG