Accessibility links

Түркия премьері "Уикиликс" өзін қаралады дейді


Түркия премьері-министрі Режеп Тайып Ердоған "Уикиликс" интернет-сайтын өзін қаралады деп айыптап отыр.

Ердоған "Уикиликсте" өзіне қатысты жарияланымдар негізсіз және ойдан шығарылғандығын айтады.

Ол егер сайтта жазылғандай өзінің швейцариялық банктерге шоттарының бар екендігі расталса қызметінен кететіндігін мәлімдеді. Түркия премьері-министрі АҚШ-ты өз дипломаттарының жала жапқаны үшін жазаға тартуға шақырды.

«Уикиликс» сайтының АҚШ дипломаттарының сөзіне сілтеме жасай отырып жариялаған құпия құжаттарында түрік премьерінің швейцариялық сегіз банкте шоты бар екендігі хабарланған. Бұл жарияланғанды негізге алған түрік оппозициясы премьерді коррупцияға қатыстырып айыптап та үлгерді.
XS
SM
MD
LG