Accessibility links

Теміртауда газ құбыры жанып жатыр, бір адам қаза тапты


Бүгін Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Темиртау" металлургиялық комбинатында жанып жатқан газ құбырының жартылай қирауынан бір жұмыскер қаза тапты.

"Интерфакс-Казахстан" агенттігінің хабарлауынша, кәсіпорында бүгін таңертең белгісіз жағдайда өрт шыққан. Оны сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылған.

Өз кезегінде, "АрселорМиттал Темиртау" өкілдері өрт кеше кешке Теміртау қаласындағы электр қуатының сөніп қалғандығымен байланысты болуы мүмкін дегенді айтады.

Қазір кәсіпорынның өндірістік цехтары апатты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Өрт әлі толығымен сөндірілген жоқ.
XS
SM
MD
LG