Accessibility links

Иран: ғалымдарға қастандық жасаған күдіктілер ұсталды


Иранда ядролық физика саласында еңбек ететін ғалымдарға қастандық жасаған күдіктілер ұсталды. Шабуылдан Маджид Шахриари есімді ғалым қаза тауып, екінші - Ферейдун Аббаси ауыр жарақат алған еді.

Бұл туралы Иран арнайы қызметінің басшысы Хейдар Мослехи хабарлады. Ол ұсталғандардың есімдерін және барлығы қанша адам тұтқындалғанын айтқан жоқ.

Мослехи бұл шабуылдарға АҚШ, Ұлбыритания және Израиль арнайы қызметтерінің қатысы бар деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Теһранда ирандық ғалымдарға жұмысқа барар жолда шабуыл жасалды.
XS
SM
MD
LG