Accessibility links

Ақмола облысында аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды


Ақмола облыстық білім басқармасының хабарлауы бойынша, ауа райының 32 градусқа дейін суытуына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылған. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

Бүгін күннің күрт суытуынан Еңбекшілер ауданының білім ошақтарындағы барлық сыныптар үшін сабақ өткізілмейтін болды.

Ал, Бурабай, Жақсы, Қорғалжын аудандарында 1-9 сынып, төрт аудан мен Көкшетау қаласында 1-4 сынып оқушылары үшін уақытша үзіліс жарияланды.

Сабақ өтпегенімен білім ошақтарында кестеге сәйкес кезекшілік ұйымдастырылып, ғимараттардың қалыпты температурада болуы бақылауға алынған.
XS
SM
MD
LG