Accessibility links

Ауғанстанда ұрланған голландиялық азамат босатылды


Осыдан бір айдан астам бұрын Ауғанстанда ұрланған голландиялық жұмыскер мен оның ауғандық жүргізушісі азат етілді. Нидерланды сыртқы істер министрі Ури Розентал бұл оқиғаның осылайша аяқталғанына қуанып отырғанын мәлімдеді.

Голландия үкіметі әлгі азаматтың босатылуы үшін ақша төледі ме жоқ па - белгісіз. Азат етілген азаматтар Ауғанстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық қызмет көрсететін қайырымдылық тобында жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG