Accessibility links

Ким Хван-Чин: Егер Солтүстік Корея шабуылдаса, Оңтүстік Корея оған әуеден соққы береді


Оңтүстік Корея қорғаныс министрі етіп тағайындалған Ким Хван-Чин егер Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны тағы да атқыласа, Сеул әуеден соққы береді деп мәлімдеді. Бұл туралы Ким Хван-Чин жұма күні парламентте сөйлеген сөзінде айтты.

"Егер Солтүстік Корея шабуылдарын жалғастырса, біз оны ұшақтан атқылаймыз", - деді Ким Хван-Чин.

Осы күндері АҚШ пен Жапония Корея аралында әскери-теңіз жаттығуларын бастап отыр. Бұл жаттығулар Солтүстік Кореяның шабуылдарынан бірнеше ай бұрын жоспарланған болатын. Қарашаның 23-де Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, екі сарбаз бен екі қарапайым азаматты өлтірді.

Окинавадағы жаттығуларға АҚШ пен Жапонияның 45 мыңға жуық әскери қызметкері қатысып жатыр.

Қытай сыртқы істер министрлігі бұл жаттығулар аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеспейді деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG