Accessibility links

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына алаңдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, АҚШ Иранның даулы ядролық қару бағдарламасын оның көршілері пайдаланады деп қауіптенеді. Бұл туралы Клинтон жұма күні Бахрейнде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Женевада Иран мен әлемнің алпауыт елдері арасында Теһранның ядролық мәселесіне қатысты келіссөздер өтеді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыпауларды жоққа шығарып, ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатты көздейді дейді.

Клинтон Таяу Шығыстағы қауіпсіздікке арналған "Манама диалогы" деп аталатын конференцияны ашу үшін Бахрейнге барды.
XS
SM
MD
LG