Accessibility links

Обама Ауғанстандағы АҚШ күштерін мадақтады


АҚШ президенті Барак Обама күтпеген жерден Ауғанстанға барып қайтты. Жұма күні Кабулдың жанындағы Баграм әуе базасында АҚШ күштерінің алдында сөйлеген сөзінде Обама Талибанмен күресте алғабасушылықтар бар деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Обама телефон арқылы Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен сөйлесіп, Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреуспен және АҚШ елшісі Карл Эйкенберримен кездесті.

Осы айдың соңында Ақ үй Ауғанстандағы соғыс стратегиясына жасалған шолуды жариялайды.
XS
SM
MD
LG