Accessibility links

Иран: Мұсылман көршілерімізге қарсы күш қолданбаймыз


Иран өзінің мұсылман көршілеріне қарсы ешқашан күш қолданбайтынын мәлімдеді. Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Бахрейндегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде "біз көршілерімізге қарсы ешқашан күш қолданбадық және болашақта біз солай жасамаймыз себебі біздің көршілеріміз мұсылмандар" деп атап көрсетті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның айтуынша, Вашингтон Иранның даулы ядролық қару бағдарламасын оның көршілері пайдаланады деп қауіптенеді.

Алдағы аптада Женевада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз өтуі тиіс. Оған Иран, АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Британия және Германия өкілдері қатысады.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG