Accessibility links

ЕҚЫҰ саммитіне жауаптылар мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды


Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия ЕҚЫҰ-ның саммитіне жауапты азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттау жөнінде ұсыныс білдірді.

Бүгін Астанада өткен коммисия отырысында мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, мемлекеттік наградаға лайық деген азаматтар тізіміне "жыл бойына басты жалпыұлттық басымдықты қамтамасыз еткен, яғни ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің дайындалуы мен өткізілуіне үлес қосқан" бір топ азаматтарды кіргізгелі отырғандықтарын мәлімдеді.

"Олардың арасында да экономика, мәдениет, дипломатия сияқты түрлі сала мамандары бар. Бұған қоса наградаға ұсынылатындардың қатарына тағы халықаралық ұйымға төрағалығымызға зор көмек көрсеткен бірқатар шетелдік қызметкерлер де енгізіледі», - деді мемлекеттік хатшы.

Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттарға ұсынылатын азаматтардың арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскерилер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және өзге де сала өкілдері бар.
XS
SM
MD
LG