Accessibility links

Обама Қытай президентін Солтүстік Корея туралы талқылауға шақырды


Ақ үйден хабарланғандай, АҚШ президенті Барак Обама Корей түбегіндегі жағдайды талқылау үшін Қытай президенті Ху Дзиньтаоны шақырды.

Жексенбі күні кешкісін телефон арқылы сөйлескенінде, Обама Қытай жетекшісін АҚШ-пен және басқалармен бірігіп, арандатушылықтар жасап отырған Солтүстік Кореяға ескерту жолдауға үндеді.

Корей түбегіндегі жағдай қарашаның 23-і күні Солтүстік Корея оңтүстік аралға оқ атып 4 адамның өмірін қиған соң, Пхеньян мен Сеул арасындағы шиеленіс күшейіп кетті.

Оңтүстік Корея дүйсенбі күні әскери жаттығуларын бастады. Бірақ ол жаттығулар осыдан үшін күн бұрын Солтүстік Корея атқылаған аралға жақын жерде өтпейді деді әскерилер. Пхеньян бұл жаттығулар жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деп ескерткен.

Солтүстік Кореяның жағдайы бүгін Вашингтонда Оңтүстік Корея мен Жапония сыртқы істер министрлерінің АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесуінде талқыланбақшы.
XS
SM
MD
LG