Accessibility links

Ресей президенті Польшаға делегациясын бастап барды


Бүгін Польшаға іс-сапармен барған Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеу мен бүгінгі Еуро Одақ және НАТО мүшесі Варшава арасындағы байланыстарды жақсартуға күш салмақшы.

Медведевтің польшалық әріптесі Бронислав Коморовскимен, премьер-министр Дональд Тускпен өтетін келіссөздері энергетикалық, сауда-саттық және қауіпсіздік мәселелеріне арналған.

Ресей бұл сапарында Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына қатысты НАТО-мен ынтымақтастығы жайлы талқылайды.
XS
SM
MD
LG