Accessibility links

Жоғары сот Айдос Садықовтың ісін қайта қараудан бас тартты


Бүгін Қазақстан Жоғары сотының қадағалау алқасы оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың сот үкімін қайта қарауды сұраған өтінішін қабылдамай, сот үкімін күшінде қалдырды.

Бұл туралы Азаттық радиосына оның адвокаты Татьяна Лазарева хабарлады. Оның айтуынша, бұдан кейін Садықовтың ісін Қазақстанның сот жүйесінде қорғау мүмкіндігі жоқ.

Оппозициялық белсендінің әйелі Наталья Садықова енді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіретінін айтты. Осы жылдың 16-шы шілдесінде Айдос Садықов бұзақылық жасады деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айрылған.

Тамыз айының соңында Ақтөбе облыстық соты Садықовтың апелляциялық шағымын қарап, оның үкімін өзгеріссіз қалдырған.

Айдос Садықов өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Ол өзінің билік тарапынан жасалған арандатушылықтың құрбаны болып отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG