Accessibility links

Мәскеу Әблязовқа іздеу жариялауды заңды деп таныды


Мәскеудің қалалық соты "БТА Банкінің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты халықаралық іздеу жариялауды заңды деп таныды. Бұл туралы "Новости-Казахстана" агенттігі хабарлап отыр.

4 миллиард долларды алаяқтық жолмен иемделіп алды деп айыпталған Әблязовтың қорғаушысы экс-банкирді халықаралық іздеу жариялауды заңсыз деп тану туралы шағым жасаған еді. Алайда қылмыстық істер жөніндегі кассациалық алқа оны қабылдамады.

Бұдан бұрын Әблязовтың адвокаты Георгий Поспелов, сотқа оның қорғалушысы Лондонда тұратынын және тергеу ол туралы хабардар екенін айтқан еді..

Тергеу мәліметтері бойынша, БТА банк Қазақстанның банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкті қайта құрылымдауға соқтырып, ауыр салдар әкеліп, ірі зиян келтірілді. Қазақстанның құқық қорғау органдары Әблязовқа, сондай-ақ, БТА Банкінің бұрынғы жетекшілері Роман Солодченко мен Жақсылық Жәрімбетовке ірі көлемде қаржы ұрлдады деген айып тағуда.

2009 жылдың желтоқсанында БТА Банктің 12 бұрынғы қызметкерлері қаржылық айла-амал жасау, ірі көлемде ұрлау, қызметін асыра пайдалану және қылмысты жасыру мақсатында қылмыстық топ құруда айыпталған. Олар екі жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығын айыруға жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге сотталды. Істің барлық фигуранттары өздеріне тағылған айыппен келіспейді.
XS
SM
MD
LG