Accessibility links

Гаитиде президент сайлауының алғашқы қортындысы шықты


Гаитиде президент сайлауының екінші кезеңіне өткен үміткерлер есімі аталды.

Гаитидің уақытша сайлау кеңесінің мәліметі бойынша, 28 қарашада өткен сайлаудың алғашқы кезеңінен 31 пайыздан аса дауыс жинаған оппозиция өкілі Мирланд Манига мен 22 пайыз дауыспен қазіргі билік партиясының өкілі Жюд Селестен өтіп отыр. Екеуі де сайлаудың екінші кезеңінде өтті.

Ал үміткерлердің бірі танымал музыкант Мишель Мартейи Селестеннен бір пайызға қалып қалды. Ол өз жақтастарымен наразылық шарасын өткізетіндігін мәлімдеп отыр.

Сайлауға қатысқан 18 үміткердің жартысынан көбі билікті заңсыздықтарға жол берді деп айыптайды.

Президент сайлауының екінші кезеңі қаңтардың 16-сына белгіленіп отыр.
XS
SM
MD
LG