Accessibility links

ФИФА басшысы ұйым ішіндегі парақорлықты жоққа шығарды


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенті Зепп Блаттер, ұйым ішіндегі парақорлықты жоққа шығарып отыр. Жуырда 2018 және 2022 жылдардағы футболдан әлем чемпионаты өтетін елдерді анықтау кезінде ФИФА мүшелері пара алып, соның салдарынан "әділетсіз" шешім шығарды деген сөздер айтылған еді.

Швейцариялық Weltwoche ("Вельтвохе") журналына берген сұхбатында Блаттер, бұл айыптаулардың негізсіз екендігін, ал Англияның "жеңіле алмайтындығын" атап өткен.

2018 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Ресей мен Англия таласқан еді. Алайда, ФИФА-ның шешімі Ресейге түскеннен кейін, британдық ақпарат құралдары ұйымда парақорлықтың болуы мүмкін дегенді жазды.

Сондай-ақ, 2022 жылғы чемпионаттың Катарда өткізілуіне қатысты да біраз келіспеушіліктер бар.
XS
SM
MD
LG