Accessibility links

Ослода Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі өткізілмек


Бүгін, 10 желтоқсанда Ослода Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі өткізілмек.

Мәліметтерге қарағанда, бұл рәсімге сыйлық иесі Қытай диссиденті Лю Сяобо да, оның өкілдері де қатыспайтын болып отыр. Сонымен қатар 19 елдің өкілі де осы шараға қатыспайтындығынан құлағдар еткен.

Лю Сяобо мемлекетке қарсы әрекет етті деген айыппен 11 жылдаен бері түрмеде отыр. Қытвай билігі сыйлықты тапсыру рәсіміне тіпті оның туыстарының қатысуына да рұқсат бермеді. Ал рәсім кезінде дәстүрлі лекциямен қатар актриса Лив Ульман Лю Сяобо шығармаларынан эссе оқымақшы.

Қытай осыған қатысты қатаң түрде өзінің келіспеушілігін білдіріп, шетелдік елшілерді Ослодағы рәсімге қатыспауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG