Accessibility links

Лондон: полиция ханзадаға жасалған шабуылды тергейді


Лондон полициясының бастығы Пол Стефенсен университеттердегі оқу бағасының өсуіне қарсы көтерілген наразылық шеруінің жаппай тәртіпсіздікке ұласуына байланысты тиянақты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Шерудің тәртіпсіздікке ұласуына байланысты наразылық ереуілі кезінде полицияның қолданып келген іс-қимыл тәсілі ойға қалдырады.

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон бейсенбі күні кешкісін Лондондағы жаппай бейберекет кезінде британ тағына мұрагер ханзада Чарльздің автокөлігіне қарсы жасалған шабуылды «шошытатын және өкініш айтатын жайт» деп сипаттады.

Ханзада Чарльз бен оның зайыбы дін аман. Шерушілер қаржы министрлігі мен Жоғарғы сот ғимараттарының көшеге қараған беттерін бұзып, дүкендердің терезелерін қиратты.

Қақтығыс кезінде 12 полицей мен шеруге шыққан 40-тан астам адам жарақаттар алды.

Бейсенбі күні британ парламенті оқу бағасын үш есе көтеру туралы шешім қабылдады. Енді 1 жылдық оқудың бағасы 9 мың фунт стерлингті құрайды.
XS
SM
MD
LG