Accessibility links

Қырғыз мұғалімдері наразылық митингісін өткізді


Жұма күні Қырғызстанның бірқатар аймағында айлық жалақыны көтеруді талап еткен мұғалімдердің наразылық митингілері болып өтті.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық шаралары Жалалабад, Ош, Нарын және Ыстықкөл облыстарында болып өтті.

Ош қаласына келіп жеткен білім министрі Қанат Садықов 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің айлық жалақыларын 50 пайызға ұлғайтуға уәде берді.
XS
SM
MD
LG