Accessibility links

Нобель сыйлығы қытайлық лауреатқа тапсырылмады


Жұма күні Ослода болып өткен бейбітшілік бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне сыйлықтың лауреаты Қытай диссиденті Лю Сяобо қатыспады.

Нобель комитетінің төрағасы Торбьерн Ягланд мәлімдегендей, мәртебелі сыйлық Лю Сяобоға Қытайдағы адам құқын қорғауға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Рәсімге лауреаттың не өзі, не оның өкілдері мен туыстарының да қатыспауына байланысты сыйлық тапсырылатыны ресми түрде жарияланды да, не не медаль, не сыйақы ешкімге берілмеді.

Ресми Бейжің сыйлықты Лю Сяобоға тапсыруға қарсы болып, диссидентті «қылмыскер» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG