Accessibility links

Түркімен президенті 2 мыңға жуық тұтқынға рақымшылық жасады


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов ұлттық мереке күні 2 мыңға жуық тұтқынға рақымшылық жасады. Мемлекеттік "Нейтральный Турменистан" басылымының хабарлауынша, рақымшылық түркімен халқының бірлігін күшейтуге бағытталған.

"Франц-Пресс" агенттігінің мәліметінше, 2006 жылы билікке келген Бердімұхаммедов осымен 12-ші рет рақымшылық жасап отыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бірқатар саяси тұтқындардың босатылуына қарамастан олардың көбі әлі түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG