Accessibility links

Стокгольмде бір жанкешті өзін жарып жіберген


Бүгін Швеция билігі ел астанасында жанкешті мен көлік жарылысы арқылы "террорлық шабуыл" жасау әрекеті сәтсіз болды деп мәлімдеді.

Сенбі күні кешкісін Стокгольмнің адам көп жиналатын дүкендер аймағында жанпидашы қаза тауып, жарылыс екі адамды жаралады. Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт өзінің әлеуметтік желідегі блогында, Стокгольмде "террорлық шабуыл" болды деп айтқан. Хабарларда жанкештінің шабуылы сәтсіз болды, әйтпегенде оның жарылысы көп шығын әкелер еді делінген.

Швециялық ақпарат агенттігі бұл жарылыстан кейін өздеріне бұл шабуыл Швецияның күштері Ауғанстанда қалып отырғанымен және швециялық карикатурашының Мұхаммед пайғамбарды келеке еткенімен байланысты деген хабарлама келгенін айтты.
XS
SM
MD
LG