Accessibility links

Аустрияда ұсталған Хорватияның бұрынғы премьері экстрадицияланады


Аустрия соты Хорватияның бұрынғы премьер-министрі Иво Санадерді сенбі күні тергеуге алып, одан кейін оны коррупциялық айыптар бойынша іздеу салған Хорватияға экстрадиялауға нұсқау берді.

Санадер жұма күні Аустрияда ұсталған. Хорватияның сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстық істер жөніндегі мекемесі Иво Санадер өз қызметін асыра пайдаланды және қылмыстық істерге барды деген.

Санадер Хорватияда 2003-2009 жылдары үкіметте басшылық еткен. Санадермен қатар қызмет еткен оның одақтастары түрмеге жабылды. Одан кейін үкімет басына келген Ядранка Косор жоғары деңгейдегі сыбайласқан жемқорлықпен күресіп жатыр.
XS
SM
MD
LG