Accessibility links

Обама Холбруктың тезірек жазылып кетуіне тілек білдірді


АҚШ президенті Барак Обама қолқасына жасалған операциядан кейін ауыр халде жатқан АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Ричард Холбруктың денсаулығын сұрап, құдайтан тілек тілегенін айтты.

АҚШ өкілдерінің айтуынша, 69 жастағы Холбрук жұма күні АҚШ департаментінде жұмыс істеп отырғанда қатты ауырып, бірден ауруханаға жеткізілген.

Холбруктың жүрегімен тікелей байланысты қолқасындағы күре тамыры үзіліп кетіп, оған хирургиялық операция жасалған. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұр деген.

Обама өз мәлімдемесінде, Холбрукты «Американың сыртқы саясатындағы биік тұлға» деп атап, дипломаттың өмірі үшін әйелі Мишель екеуі құдайға мінәжат еткендерін айтты.
XS
SM
MD
LG