Accessibility links

АҚШ: белгілі дипломат Ричард Холбрук қайтыс болды


Соңғы екі жыл бойы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі болып келген Ричард Холбрук Вашингтондағы ауруханада қайтыс болды.

69 жастағы Холбрук жұма күні АҚШ департаментінде жұмыс істеп отырғанда қатты ауырып, бірден ауруханаға жеткізілген.

Холбруктың жүрегімен тікелей байланысты қолқасындағы күре тамыры үзіліп кетіп, сенбі күні оған хирургиялық операция жасалған. Жексенбі күні қан айналымын жақсарту мақсатында екінші рет операция жасалды.

Ричард Холбрук 1995 жылы Босниядағы соғыстың аяқталуына себеп болған Дейтондық келісімдердің қол қойылуы үшін айтарлықтай күш жұмсады.

Ол сондай-ақ, АҚШ-тың БҰҰ мен Германиядағы елшісі қызметін атқарып, екі рет мемлекеттік хатшының көмекшісі болды.
XS
SM
MD
LG