Белгілі қазақстандық жазушы Иван Щеголихин 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
1927 жылы Қостанай облысында дүниеге келген ол Алматы медицина институтын тәмамдап, мамандығы бойынша жұмыс істеді. Өмірінің сол бір сәттері алғашқы шығармалары «Бір институтта» повесі мен «Қарлы боран» романында айқын көрініс тапқан.
1958 жылдан бастап Иван Щеголихин жазушылықпен түбегейлі айналысты.Оның бүкіл Совет одағына танылуына «Дефицит», «Қызметтік тұлғалар», «Ақжүрек» повесі, «Тағы да таң», «Бесінші бұрыш» және басқа шығармалары ықпал етті.
Ол Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин, Хамза Есенжанов, Бердібек Соқпақбаев, Мәлік Ғабдуллин, Әди Шәріпов сынды қазақтың көрнекті жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударды.