Accessibility links

Аязға байланысты Қазақстанның шығысында сабақтар тоқтатылды


Қазақстанның шығысындағы Зырян қаласындағы мектептерде қатты аяздарға байланысты сабақтар тоқтатылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарланып отыр.

Ақпаратқа қарағанда, ауа райының 32 градус болуына байланысты, қала мектептерінде 1-ден 8-ші сыныпқа дейін оқушылар оқымайды.

Мекеменің мәліметтеріне сәйкес, сейсенбі күні жалпы облыс бойынша ауа температурасы 18-23 градус суық, түнде 30 градустан төмендейді.
XS
SM
MD
LG