Accessibility links

Иран сыртқы саясатын өзгертпейтінін айтты


Иранның ядролық мәселелері жөніндегі көзқарасы мен сыртқы саясаты өзгермейді. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рамин Мехманпараст хабарлады. Оның айтуынша, Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерде де өзгеріс болмайды.

Оның алдында президент Махмуд Ахмадинежад елдің сыртқы істер министрі Манучехр Моттакині қызметінен босатып, оның орнына уақытша вице-президент әрі Иран атом энергетикасы ұйымының басшысы Али Акбар Салехиді тағайындаған болатын.

Моттакидің неліктен қызметінен алынғандығы туралы мәлімет берілмеді.

Иран желтоқсанның 6-да Женевада әлемнің алпауыт елдерімен, яғни АҚШ, Британия, Қытай, Франция, Ресей және Германия өкілдерімен ядролық келіссөз өткізді. Келесі келіссөздер алдағы айда Түркияда ұйымдастырылатын болды.
XS
SM
MD
LG