Accessibility links

Клинтон Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстан халқын 16 желтоқсан - тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде Клинтон тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті деп атап көрсетті. "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, осы ұйымның саммитін өткізуі аймақтық және әлемдік жетекші ретінде Қазақстанның дамуына маңызды шара", - деген Клинтон.

Оның айтуынша, осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып АҚШ мойындаған.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы алда Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік нығаяды деп, қазақстандықтарға тәуелсіздік күнін жақсылап тойлап алуды тілеген.

Хиллари Клинтон 1-2 желтоқсанда Қазақстанда ұйымдастырылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқан болатын.
XS
SM
MD
LG