Accessibility links

Назарбаев Қазақстанның 20 жылдан кейін дамыған ел болатынына сенімді


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 20 жылдан кейін дамыған елдердің қатарына кіретініне сенімді. Сәрсенбі күні Астанада Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Назарбаев былай деп мәлімдеді:

"Әлемдік тәжірибеге сәйкес, дамыған мемлекетті құру үшін 40-50 жыл керек. Біз еліміздің өркендеуі бағытындағы жолдың жартысынан өттік".

Сонымен қатар, Назарбаев Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін мадақтады.
XS
SM
MD
LG