Accessibility links

Facebook сайтының негізін қалаушы «Жыл адамы» атанды


Сәрсенбі күні Time журналы Марк Цукербергті «Жыл адамы» деп атады. 26 жастағы Цукерберг интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісінің негізін қалаған.

Биылғы мәртебелі марапатқа Цукербергпен бірге атышулы "Wikileaks" вебсайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж, жер астынан 70 күннен кейін құтқарылған Чили шахтерлері, атақты Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс, Ауғанстан президенті Хамид Карзай және АҚШ-тың Tea Party саяси қозғалысы үміткер болған еді.

Time журналы былтыры АҚШ федералдық қор жүйесінің бастығы Бен Бернанкені, ал 2008 жылы президент Барак Обаманы «Жыл адамы» ретінде таңдаған.
XS
SM
MD
LG